Басты

   Экология мәселелері ҒЗИ-ің іс әрекетінің мақсаты экология және сыртқы ортаны қорғау саласында ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жоғары дәрежелі маман ғылыми кадрларды дайындау; арнайы өндіріс салаларына және биология, химия, география факультеттердің  оқу процестеріне ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін еңгізу және өндеу.

   Осы мақсаттарды іске асыру үшін институттың міндеттері келесі:

  • экология және сыртқы ортаны қорғау саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау;
  • жаңа техниканы, экологиялық технологиялар мен материалдарды жасау; 
  • ғылыми-техникалық бағдарламаларды және жобаларды өндеуде және жобалауда қатысу; 
  • жоғары дәрежелі маман ғылыми кадрлерді және мамандарды дайындауда жәрдем беру; 
  • институтта орындалып жатқан ғылыми-зерттеулерге ғылыми-техникалық және технико-экономикалық экспертиза жасауды ұйымдастыру; 
  • ғылыми өндеулердің патенттік тазалығын қамтамасыз ету.

    Экология мәселелері ҒЗИ ғылыми конференция, ғылыми- практикалық семинарлар жүргізді, онда қоршаған ортаны қорғау және экологияның актуальді проблемалары талқыланды.

 
 

 

KZ RU EN