Главная \ Конференциялар

Конференциялар

Мангистау-001

IMG_3100

IMG_3101

Халықаралық конференцияда Қазақстанда ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктер желісін құру  туралы талқылаулар орын алды, Маңғыстау облысында болған халықаралық сарапшылардың миссиясы Маңғыстау табиғи кешендеріне жоғары баға берді, облыстың аумағында геопарктер құру бойынша жұмыс бастауға алғы шарттар бар. Сарапшылар туризмге деген қызығушылығы бар жергілікті тұрғындармен инфрақұрылымды жақсарту турасында тренингтер өткізуге ұсыныстар жасады.

 

«Биоалуантүрлілікті, биоресурстарды сақтау мәселелері мен тұрақты қолдану», атты биология ғылымдарының докторы, профессор С.Т.Нұртазинның 70-жылдығына арналған халыққаралық ғылыми конференция.

Конференцияның өткен уақыты: 8 желтоқсан 2016 жыл.

 

Қазақстанда туризмнің дамуындағы қазіргі мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжәрбиелік конференция.

Ұйымдастырушылар: рекреациялық география және туризм кафедрасы, география және табиғат пайдалану факультеті.

Конференцияның өткен уақыты: 20-21 мамыр 2016 ж.

«Биотехнологияның қазіргі мәселелері: зертханалық зерттеулерден өндіріске дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция.

Ашылуына  36 шығарылған беттен тұратын тезистердің баяндамалары (320 бет),  әлемнің 8 елінен - Қазақстан, Германия, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. 86 ұйымның 300-ден астам тезистері жарияланды.

Пленарлық секцияда алты баяндама тыңдалды, 3 секциялық мәжілісте 60 ұйымнан 76 ауызша баяндама және бір плакат сессиясы (60 хабарлама) ұсынылды. Конференция соңында жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес орта және жоғары оқу орындарында заманауи биотехнолог мамандарды даярлауға арналған G-Global пікірталас алаңында дөңгелек үстел өтті.

Конференцияның өткен уақыты: 7-8 сәуір 2016 ж.

«Қазақстандағы географиялық ғылымның қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

   2014 жылдың 5-6 мамырында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына және  кафедраның 65 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы географиялық ғылымның қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның ғылыми тақырыптары мен негізгі бағыттары:

  1. Физикалық география мен геоэкологияның негізгі мәселелері
  2. Топырақтану және топырақты қорғау мәселелері
  3. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның тұрақты дамуы мен өзекті мәселелері.
  4. Жерге орналастыру мен кадастрдың қазіргі мәселелері
  5. Қазақстандағы адам дамуы және әлеуметтік-демографиялық үдерістер
  6. Қазіргі географиялық зерттеулердегі ГАЖ  

Экологиялық мәдениеттің мәселелері бойынша қазан айында халықаралық конференция өтті.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен 2013 жыл экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау жылы деп жарияланды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 634 қаулысымен: «Экологиялық мәдениеттің қазіргі мәселелері және қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу және 2013 жылы «ТМД-да Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы» атты бағдарламаны өткізу бойынша іс-шаралар жоспары енгізілген.

Конференцияны ұйымдастырушылар ҚР БҒМ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты» болып табылады.

Конференцияның өткен уақыты: 4 – 5 қазан 2013 жыл.

 

  Халықаралық конференция - 2013 AL8_5489

 

     ҚазҰУ-дағы конференцияда экологиялық мәдениеттің мәселелері талқыланды.

     4-5 қазан күндері ҚазҰУ-дың Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты «Экологиялық мәдениеттің қазіргі мәселелері және қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. 
     Қазақстанның ежелгі университетінің қабырғасында өткізілетін осы ауқымды іс-шараның маңыздылығы, осы Конференцияны өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 маусымда қабылданған арнайы қаулысымен бекітілген және 2013 жылы «ТМД-дағы экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылына» арналған іс-шаралар жоспарына енгізілгендігі туралы куәландырылады. Бұны форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметі бойынша проректоры профессор Т. Рамазанов атап өтті. Іс-шараның республика экономикасы үшін маңыздылығын ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасарлары Т.Бұзубаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ж.Алиев, «Дубна» Халықаралық табиғат қорғау университетінің профессоры және «Дубна» Адамдар қоғамы және «Тұрақты даму ғылыми мектебі» кафедрасының меңгерушісі Б.Болшаков, ЮНЕСКО «Адам және биосфера» бағдарламасының комитеті, т.ғ.д. Р. Ященко және басқа да ресми тұлғалар тілге тиек етті.
     Екі күн ішінде АҚШ, Қытай, Ресей және басқа елдердің жетекші ғалымдары ақпарат пен пікірлер алмасып, баяндамаларын оқыды, ғылыми жаңалықтарды талқылады және пікірлер алмасты. Факультеттің декандары В.Сальников, Т.Шалахметова және Б.Ермекбаева модератор болған  үш секцияда  экология, биология және биотехнологияның теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша жүзден астам баяндамалар ұсынылды. Өкілдік форумы сондай-ақ, «жасыл» экономикаға көшудің экономикалық механизмдерін және нооқабаттық экологиялық мәдениет мәселелерін қарастырды.
     Екі күндік халықаралық конференцияның нәтижесі Қазақстан мен ТМД елдеріндегі бүкіл экожүйені жетілдіруге бағытталған барлық қажетті ұсыныстарды және ұсынымдар жете көрініс тапты.  Атап айтқанда, елдің әр өңірінің экологиялық аудитін жүргізу, «жасыл» экономикаға көшу үшін олардың ресурстары мен кадрлық ресурстарын айқындау, ҚР аймақтарының «экологиялық паспортын» құру қажеттігі туралы айтылды. «Жасыл» бизнесті дамыту және отандық «жасыл» технологияларды дамытуды ынталандыру мақсатында ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес Жоғары мектебінің базасында «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері бойынша интерактивті ғылыми орталық құру ұсынылды. Еліміздің жоғары оқу орындарының білім беру үдерістеріне «экологиялық мәдениет» сияқты пәнді енгізу ұсынылды.
     Осы және басқа да ұсыныстар халықаралық экологиялық форумның барлық қатысушыларымен мақұлданды және Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне және Қазақстанның және ТМД-ның басқа да мемлекеттік мекемелеріне жіберілді.

KZ RU EN