Главная \ Жаңалықтар \ ҚазҰУ-дың дөңгелек үстелінде су ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелері талқыланды

ҚазҰУ-дың дөңгелек үстелінде су ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелері талқыланды

« Назад

ҚазҰУ-дың дөңгелек үстелінде су ресурстарын тиімді пайдаланудың мәселелері талқыланды  28.12.2013 14:13

  ҚР БҒМ ҚазҰУ-дың ғалымдары және мемлекеттің жетекші экологтары 2014 жылы ендіруге ұсынған  жаңа оқу пәні – Қазақстанның су ресурстарын зерттеу мен қорғаумен айналысатын мамандарды дайындайтын курсты оқу үдерісіне ендіруге келісім берді.

   Келесі жылдан бастапҚазақстанның барлық ірі университеттер мен жоғарғы оқу орындарында жаңа мамандық бойынша студенттерді дайындау үдерісі басталып кетеді. Бұл туралы «ҚР-да су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану білімін насихаттау» атты дөңгелек үстелінде ҚазҰУ география мен табиғат ресурстарын пайдалану факультетінің деканы, Қазақ Географиялық Қоғамының вице-президенті, профессор В.Сальников мәлімдеді. Осындай дөңгелек үстел жиналыстары Қазақ Табиғатты Қорғау Қоғамы мен  Coca Cola фондының қаржылық қолдауымен бір жылдың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Назарбаев университеті», Орал, Петропавл, Ақтөбе, Семей және басқа қалалардың жоғарғы оқу орындарында өткізілген болатын.

   Осы кездесулердің барысында экологиялық қауымдастық пен ғалымдар су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдаланумен айналысатын мамандарды дайындау жайлы мәселені көтерді, өйткені қазіргі күнде мемлекет территориясының жартысынан көбі шөлге айналуға бейім. Қазір республикамызда қалыптасқан су жетіспеушілігінің мәселесіне Қазақстан климатының шектен тыс жылыну мәселесі да қосылуы мүмкін, ал жағдай мемлекетті азық-түлік проблемасына душар етуі ықтимал. Осындай қорытындыға далалық жағдайларда өткен тәжірибе барысында ҚазҰУ эколог, географ, биолог студенттердің өздері де келді. Болашақта су жетіспеушілігі мәселесін шешу мүмкіндігі солардың қолдарында. 


KZ RU EN