Главная \ Жаңалықтар \ «Нұр Отан» партиясының сараптама тобының

«Нұр Отан» партиясының сараптама тобының

« Назад

«Нұр Отан» партиясының сараптама тобының  21.02.2014 12:34

Ғылымның «жасыл» экономикаға қосқан үлесі

  Наурыз айында Экология мәселелері ҒЗИ-ның қызметкерлері белоруссиядан келген әріптестерімен бірге қазіргі күздік бидайдың жағдайын зерттеуге бағытталған  тәжірибелер жүргізе бастады. Егу жұмыстарына дейін тұқым қазақстан ғалымдары шығарғын арнайы микротынайтқыштармен өңделді.

  Дүниежүзінде аналогтары жоқ, экологиялық таза әрі «жасыл» технология шаруаларға енді фосфор мен басқа да химиялық қосылыстарға негізделген қымбат тыңайтқыштардан бас тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақстандық микротыңайтқыштар дәнді дақылдардың өнімділігін көбейтіп (30-40%-ға), әртүрлі фитопатогенді аурулар мен ауа-райының өзгерістеріне тұрақтылығын жоғарылатады.      Бұл туралы Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының сараптама тобының отырысында экология мәселелері ҒЗИ-ның директоры Айжан Скакова мәлімдеді. Бұл жобадан басқа ауылды жерлерде шағын бизнесті дамыту мақсатында ЭМ ҒЗИ-ы ұсынып тұрған стевияны жаппай өсіру биотехнологиясы болашағы мол әдіс болып табылады, стевия қанттың табиғи алмастырғышы болып келетіндіктен қант диабетімен ауыратын адамдар үшін бұл технология өте маңызды. Сонымен қатар тыңдармандардың назарын құрғақшылық пен ауа-райының басқа да ауытқуларына тұзімді болып келетін бидай мен басқа дәнді дақылдардың мутантты линиялары ерекше аударды. Скакованың айтуы бойынша, қазақстандық ғалымдардың осы және басқа да ғылыми зерттеулеріне қытай кәсіпкерлері зор қызығушылық танытып, оларды қолдануға рұқсат беретін құқықтарды сатып алуға дайын. Дегенмен осы мүмкіншіліктерді ең алдымен отандық бизнеске беру керек, бұл үшін «ғылым-өндіріс» тетігін дұрыстау өте маңызды.

    Атап айту қажет,  партияның осы отырысы ауыл бизнесін «жасыл» жобаларға ендірудің мәселелеріне арналған болатын. ҚР-ның Парламен Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Айгүл Соловьева: «Жасыл жобалар», мысалы, шаруашылық жылыжайлар сияқты шағын бизнестің дамуына жағдай жасайтын ниша болып табылады. Ал қазір біз оған қол жеткізудің механизмдері мен тәсілдерін көрсетіп, шағын бизнес ары қарай дами алатын жолдарды ұсынып тұрмыз».

Ссылка: http://astanatv.kz/news/show/id/20281.html?print=1


KZ RU EN