Главная \ Жаңалықтар \ Отанымыздың игілігі үшін!

Отанымыздың игілігі үшін!

« Назад

Отанымыздың игілігі үшін! 30.01.2014 14:13

Отанымыздың игілігі үшін!

   Елбасының Халыққа жолдауы бүгінде халық назарына алынып, жан-жақты қызу талқыланып жатыр. Егер біз Ұлт Көшбасшысы жолдауының тезистеріне қарайтын болсақ, олардан ең жақсы дамыған 30 мемлекеттін қатарындағы қауіпсіз әрі экономикалық жағынан гүлденіп жатқан мемлекетті 2050 жылға дейін құру жоспарын айқын көруге болады.  Осындай мемлекетке айналу Қазақстан Республикасы үшін қолжетімді мақсат болып табылады, себебі оның барлық алғышарттары елімізде бар. Бұлар біліктілігі жоғары мамандар, кең ауқымды шикізат қоры және де мемлекеттін өндірістік әлеуеті. Сол себепті біздің институт ғалымдарының жетістіктері мен табыстарының осындай маңызды құжаттың тұжырымдамаларына сәйкес келетіндеріне менің қуанышым шексіз. Сонымен айта кету керек, біздің институтымыз тек іргелі жұмыстармен ғана шеткелмей, нақты тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған қолданбалы зерттеулермен айналысады. Айтылған сөздер дәлелсіз қалмас үшін, университеттік ғылымның өндіріске ендірілуін көрсететін бірнеше айқын мысалдарды келтіруге болады.
  Мемлекет басшысы Халыққа жолдауында үкімет алдында агроөндірістік кешенін инновациямен ұштастыру үшін жағдай жасау міндетін қойды.  Атап айтқанда, егіншілікті дамытып, құрғақшылыққа төзімді және гендік өзгертілген дақылдарды шығару жұмыстарына үлкен назар аудару қажеттілігі айтылды. Осы бағыттарға сәйкес институтымызда МАГАТЭ техникалық көмегімен профессор Кежебаева С.С. басқарған биолог-ғалымдар тобы бидайдың және де басқа дәнді-дақылдардың мутантты линияларын шығару жұмыстарымен айналысып жатыр. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде алынған бидай линиялары құрғақшылыққа төзімділік, тұзды және ауыр металдармен ластанған топырақта өсуге бейімділік қасиеттерімен ерекшеленді. Қазақстан территориясының шөлейтті жерлерге айналу қаупін алдын алу мақсатында және мемлекетіміздің азықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл өте өзекті ғылыми жетістік болып табылады.
   Озық технологияларды ауыл шаруашылығына ендіру мәселелеріне Жолдауда ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар Экология мәселелері ҒЗИ-ның қызметкерлері белоруссиялық әріптерстерімен бірге дәнді-дақылдардың фитопатогендерге төзімділігін арттыру мақсатында фузикокцин негізінде жасалған микротыңайтқыштар жасау жұмыстарын жүргізіп келеді.  Тағы бір жаңашыл әдіс ретінде табиғи қант алмастырғыш – стевияның жаппай көбейту биотехнологиясын атап өтуге болады. Оның ерекшелігі – өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында бұл өнімді қант диабетімен ауыратын жүздеген мың адам қабылдай алады. Қазақстанның халық шаруашылығы үшін институттың ластанған су қоймаларды мен өзендерді биотазалау әдістері сияқты зерттеулері үлкен қызығушылық тудырады, мысалы, су экожүйелерін биотестілеу, мұнаймен ластанған жерлерді тазалаудың жаңа әдістері, шөлге айналу үрдістерінің анализі мен болжамдарының әдістері, үлгілері, геоақпараттық технологиялары және тағы басқалары. Осылай, «сала көшбасшысы - 2013» атағының иегері болған Экология мәселелері ҒЗИ-ның «жасыл» экономика қағидаттарына сай келетін көптеген жобалары бар.
   2013 жыл «ТМД елдерінде экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау жылы» болып ерекше аталып өтті. Атап кететін жағдай, Экология жылы бағдарламасының соңғы іс-шарасы ҚазҰУ-да өткізілген халықаралық форумға сәйкес келді, осы шараға дүниежүзінің көптеген  мемлекеттерінен келген эколог-ғалымдармен қатар ТМД елдерінің атқарушы комитетінің басшылығы да бар ынтасымен қатысты. Осындай ынтымақтастық  мемлекетіміздің ең бірінші жоғарғы оқу орындарының бірі, бүгінде 80-жылдығын тойлап жатқан университетке көрсеткен құрметі деп білуге болады. ҚазҰУ-дың қазіргі даму кезеңі ҚР Президенті бекіткен Қазақстанның 2020 жылға дейін даму Стратегиялық жоспары мен «Қазақстан 2050» Стратегиясымен тікелей байланысты.   Мемлекет басшысы атап өткендей, жоғары білікті мамандарды дайындау үрдістері еліміздің инновациялық-өнеркәсіптік дамуымен ұштасуы қажет. Отандық жоғарғы оқу орындарының көшбасшысы – ҚазҰУ Президент көрсеткен міндеттерді орындауға дереу ат салысып, дәстүрлі университеттен алдыңғы қатарлы дүниежүзілік университеттерімен бәсекелесе алатын ғылыми-зерттеу университіне айналу жолына бет бұрды. Бұл жұмыстарда жастардың алатын орны үлкен. Студенттердің, магистранттардың оқу үрдісі, ғылыми-зерттеу, бітіру жұмыстары ҒЗТКЖ жобаларымен тікелей байланысты. Студенттердің ғылыми жұмыстарына деген ынтасын арттыру үшін гранттық соманың  10%-ы студенттік ғылымға берілетін болды.  Осының себебінен Экология мәселелері ҒЗИ-ның әрбір ғылыми жобасына студент-ғалымдар көптеп қатысуда. Осылай, ғылымның болашағы үшін институтымыздың алдыға қойылған мақсаттары пен міндеттері Отанымыздың гүлденуі мен көркеюіне айтарлықтай үлесін тигізеді деп сенемін. 
 
Скакова А.А.
 «Экология мәселелері ҒЗИ» директоры
 
"Экологиялық атшабар"
Республикалық қоғамдық-экологиялық
газеті

KZ RU EN