Главная \ Жаңалықтар \ "Volkswagen Stiftung" фондының эгидасы аясында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінде Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институтының жаңа халықаралық жобасы бастау алды

"Volkswagen Stiftung" фондының эгидасы аясында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінде Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институтының жаңа халықаралық жобасы бастау алды

« Назад

"Volkswagen Stiftung" фондының эгидасы аясында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінде Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институтының жаңа халықаралық жобасы бастау алды 16.02.2015 07:36

   "Орталық Азияның суармалы жерлерін тиімді пайдалануды сапалы жоспарлау механизміне қолдау жасау" атты "Volkswagen Stiftung" және Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институтының халықаралық жобасы аясында 2015 жылдың 10-12 ақпан аралығында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультетінде  жобаға қатысушылардың кездесуі өткізілді. Кездесуге география және табиғатты пайдалану факультетінің, Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институтының  ғалымдары,  Julius  Maximilians Universitat  Wurzburg өкілдері,  сонымен қатар KRASS (SIC ICWC)  компаниясы қатысты.

    Кездесудің негізгі мақсаты жобаның жұмысшы жоспарын ұсыну және талқылау, докторанттардың (PhD) зерттеу жұмыстары бойынша бағдарламаларын презентациялау және Орталық Азия және басқа елдерде жердің шөлденуімен күресу, су және жер ресурстарын тиімді басқару   бойынша жиналған тәжірибелер мен білімдермен бөлісіп, тыңдармандармен пікір алмасу.

    2015 жылдың 12-17 ақпан аралығында мақсаты бағдарламамен қамтамасыз ету, географиялық ақпарат жүйелерін оқыту, жердің өнімділігі мен оның шөлдену процестерін бағалау үшін дистанциялық зондтауды оқыту болып табылатын тренинг өткізу жоспарланады.

IMG_0974


KZ RU EN