Главная \ Ынтымақтастыққа шақыру

Ынтымақтастыққа шақыру

Экология мәселелері ҒЗИ
Сізді келесі салаларда ынтымақтастыққа шақырады

  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қарамағындағы Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 6 қыркүйекте қабылданған №984 қаулысымен құрылды. 

   Жарғыға сәйкес Экология мәселелері ҒЗИ келесі негізгі бағыттар бойынша әрекет етеді:

  • экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы іргелі мен қолданбалы зерттеулерді жүргізу;
  • жаңа техника, экологиялық таза технологиялар мен материалдарды құрастыру;
  • Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық жағдайларындағы биогеоресурстарды басқару принциптерін құрастыру мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны зерттеудің теориялары мен әдістерін құрастыру;
  • Қазақстанның антропогенді өзгерген территорияларын экология-экономикалық бағалау үшін критерийлерді дайындау, экологиялық экспертиза;
  • антропогенді бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру мен тұрақты дамуының негіздерін дамыту, экожүйелерді қалпына келтіру мен табиғатты тиімді пайдаланудың нормативтік құқықтық актілері мен ғылыми зерттеулер үшін ақпараттық, техникалық-экономикалық, ғылыми-құқықтық база дайындау;

   Экология мәселелері ҒЗИ ғылыми-техникалық субъект ретінде тіркелген, бұл іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары бойынша барлық жұмыстар кешенің орындауға мүмкіндік береді,  институт заманауи ғылыми-техникалық және материалды базамен жабдықталған (құрал-жабдықтар, нормативті құқықтық және әдістемелік база, географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) және т.б.). Экология мәселелері ҒЗИ-ның ұжымында 300-ден ас адам еңбек етеді, олардың ішінде 61 ғылым докторы, 4 PhD доктор, 4 PhD докторант, 118 ғылым кандидаттары бар.

   Үлкен ғылыми қордың болуы, экология, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздік сияқты салалардың әртүрлі бағыттары бойынша ақпараттық қордың болуы, жоғары білікті мамандар мен институттың заманауи материалдық-техникалық жабдықталуы шаруашылық қызметтер үшін кез-келген дәрежедегі экологиялық жобаларды орындауға мүмкіндік береді.

Байланыс үшін ақпарат:
+7 (727) 377 31 50
+7 (727) 225 79 35
+7 (727) 377 32 69

Web site: www.nii-eco.kz

e-mail: nii.eco@nur.kz

KZ RU EN